Халықаралық «Шаған тау марафоны – 2026» тау жарысының ережесі
БЕКІТЕМІН
Көксу ауданының әкімі Д. Халелов,
«___» ________ 2026 жыл.
КЕЛІСЕМІН
«Jetisy jastary» КММ-нің директоры А. Байжурынов,
«___» ________ 2026 жыл.
Жарыстың мақсаты мен міндеті
- жүгіру спортын насихаттау;
- жүгірушілерді халықаралық марафон жарыстарына дайындау;
- жергілікті туристік орындарды танымал ету;
- дені сау ұлт қалыптастыру;
- бұқаралық спортты дамыту;
- Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден бас тарту.
Жарыс өткізудегі жетекшілік ету
Жарысқа жалпы басшылық ететін «Jetisy jastary» КММ және «Koksu jastary» филиалы жүзеге асырады, жарысты өткізу бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі.
Жарыстың өтетін орны мен уақыты
Жарыс 2026 жылдың 27 маусым күні, сағат 07.00-де Жетісу облысы Көксу ауданы, Ақтекше ауылында өтеді.
Жарыс қашықтықтары және жас санаттары
6 км қашықтық, әйелдер: 18–29 жас; 30–39 жас; 40–49 жас; 50+ жас.
6 км қашықтық, ерлер: 18–29 жас; 30–39 жас; 40–49 жас; 50–59 жас; 60+ жас.
13 км қашықтық, ерлер: 18–29 жас; 30–39 жас; 40–49 жас; 50+ жас.
13 км топтық жарыс, ерлер: 18–45 жас.
Жарыс маршрутында өзін ұстау ережелері
- екі және одан көп қатысушылармен бір қатарда жүгірмеу;
- жай жүруге көшкенде жолдың оң жағын ұстану;
- қатысушы басқа жүгірушілердің, төрешілердің, ұйымдастырушылардың және жарысты ұйымдастыруға тартылған басқа да адамдардың ескертулерін естуге міндетті;
- өзін нашар сезінген жағдайда қатысушы мүмкіндігінше басқа қатысушылардың қозғалысына кедергі келтірмей, жарысқа қатысуын тоқтатып, жол шетіне шығуы қажет;
- ережені бұзғаны үшін қатысушы жарыстан шеттетіледі.
Ескертпе. 13 шақырым қашықтықта жүгіруге қатысушылар мәреге жеткен соң, кері қарай 6 шақырымға дейін өздері түсуі керек. Мәреге жеткен қатысушыларды кері қарай тасымалдау (13 шақырым үшін және 6 шақырым үшін) 6-шы шақырымнан ұйымдастырылады.
Жарыстан шеттету
Жарысты ұйымдастырушылар мына жағдайда қатысушыларды жарыстан шеттетуге құқылы:
- қатысушы жүгіруді сөре ресми түрде берілмей тұрып бастағанда;
- қатысушы жүгіруді сөре аймағы жабылғаннан кейін бастағанда;
- қатысушы сөреге сөрелік нөмірсіз шыққанда;
- қатысушы жарыстың ұйымдастыру комитетінің, төрешілерінің немесе бас дәрігерінің нұсқаулары мен ескертулеріне назар аудармағанда;
- қатысушы өтінім берілмеген қашықтықты жүгіргенде;
- қатысушы нақты жарыстың ресми нөмірінсіз жүгіргенде немесе нөмір киімнің астында жасырылғанда;
- қатысушы жарыс кезінде бағыттан (маршрут) ауытқу, қашықтықты кесу, қысқарту мақсатында жарыс ережелеріне қайшы әрекеттерге жол бергенде.
Жарыстың төрешілер алқасы
Жарыстың төрешілер алқасы жарыс ережелерінің сақталуын, қатысушылар арасындағы спорттық доданың әділ жүргізілуін және жеңімпаздың объективті анықталуын қадағалайды. Алқа құрамына мыналар кіреді:
Бас төреші
- жекелеген төрешілер арасында міндеттерді бөледі;
- жарыс аяқталған кезде ұйымдастыру комитетіне жазбаша есеп береді.
Бас хатшы
- хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді шығарады;
- төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді хабардар ету үшін материалдарды дайындайды;
- жарыс аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы есепті құрастырады.
Сөре-мәре аймағының төрешілері
- сөре кезінде ережелердің сақталуын қадағалайды;
- қатысушылардың қашықтыққа кластерлерге сәйкес шығуын бақылайды;
- алғашқы 10 мәрешіні тіркеп, нәтижелерді бас төрешіге ұсынады.
Бас дәрігер
- медициналық қызметкерлер мен еріктілердің жұмысына жетекшілік етеді;
- қажет болған жағдайда қатысушыны жарыстан алып тастай алады.
Төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.
Жарыс шығындары
- жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын ұйымдастыру комитеті көтереді;
- барлық шығындар (медаль, диплом, ақшалай сыйлықтар, безендіру) ұйымдастыру комитетінің есебінен;
- жол жүру, орналасу және тамақтану шығындарын қатысушыларды іс-сапарға жіберген ұйымдар немесе қатысушылардың өздері көтереді.
Марапаттау
Жүлделі орындарға ие болған марафоншылар «Jetisy jastary» КММ белгілеген бағалы сыйлықтармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталады. Мәреге екі қатысушы қатар келген жағдайда жүлде теңдей бөлінеді.
13 км қашықтық (18–29, 30–39, 40–49, 50+ жас):
| Орын | Жүлде |
|---|---|
| I орын | 200 000 ₸ |
| II орын | 150 000 ₸ |
| III орын | 100 000 ₸ |
6 км қашықтық (ерлер және әйелдер) — барлық жас санаттарында:
| Орын | Жүлде |
|---|---|
| I орын | 100 000 ₸ |
| II орын | 80 000 ₸ |
| III орын | 60 000 ₸ |
13 км топтық жарыс (команда — 18–45 жас аралығындағы 4 ер адам):
| Орын | Жүлде |
|---|---|
| I орын | 600 000 ₸ |
| II орын | 500 000 ₸ |
| III орын | 400 000 ₸ |
Топтық жарыстың ережесі
- команда құрамы: 4 ер адам;
- жалпы қашықтық: 13 км;
- кезеңдер: 1-кезең — 4 км, 2-кезең — 3 км, 3-кезең — 3 км, 4-кезең — 3 км;
- әр қатысушы өз кезеңін жүгіріп өтіп, эстафетаны келесі қатысушыға береді;
- жеңімпаз — барлық 13 км-ді ең аз уақытта аяқтаған команда;
- эстафетаны қабылдамаған қатысушының жүгіруді бастауына тыйым салынады;
- эстафета беру тек белгіленген аймақта жүзеге асырылады;
- қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс.
Тіркелу үшін міндетті құжаттар
shagan.run интернет-ресурсына электронды түрде жүктеу міндетті:
- жеке куәліктің көшірмесін жүктеу;
- белгіленген үлгі бойынша толтырылған қол хатқа (Қосымша №2) SMS немесе email-код арқылы қол қою.
Старттық пакетті алу үшін қызметкерлерге көрсету қажет:
- жеке куәліктің түпнұсқасы немесе egov/kaspi-дегі электрондық нұсқасы;
Өтінімді толтыру тәртібі және ақпарат
Тіркеу shagan.run сайтында онлайн 2026 жылдың 24 маусым күні 12:00-ге дейін өтеді: өтінім формасын толтырыңыз, жеке куәліктің көшірмесін жеке кабинетке жүктеңіз және қол хатқа SMS немесе email-код арқылы қол қойыңыз. Тіркеу жабылғаннан кейін өтінімдер қабылданбайды.
24–26 маусым күндері аралығында Талдықорған қаласы, Д. Қонаев көшесі, 47 («Жетісу жастары» ғимараты, ресепшен) мекенжайы бойынша старттық пакеттер таратылады. Пакетті алу үшін жеке куәліктің түпнұсқасын немесе egov/kaspi-дегі электрондық нұсқасын көрсетіңіз.
Ескертпе: онлайн тіркеуден өтпеген және деректерді жүктеу мен дұрыс жеке мәліметтерді енгізу талаптарын орындамаған қатысушылар жарысқа жіберілмейді.
Директор орынбасары — С. Ақыл
Қосымша №1. Өтінім үлгісі
| № | Аты-жөні | Туған жылы, айы, күні | Қай өңірден | Байланыс нөмірі | Санаты |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | |||||
| 2 | |||||
| … |
Қосымша №2. Қол хат үлгісі
Халықаралық «Шаған Тау Марафоны – 2026» тау жарысының ұйымдастырушыларына.
Мекен-жайы: _________________________
Тегі, аты-жөні: _________________________
ҚОЛ ХАТ
Құрметті Халықаралық «Шаған Тау Марафоны – 2026» ұйымдастырушылары! 2026 жылдың 27 маусым күні болатын тау марафонына ______ шақырымға қатысушы ретінде тіркеулеріңізді сұраймын.
Осы қол хат арқылы менің денсаулығым қысымы жоғары биік тауға жүгіруге жарамды екенін және медициналық тексеруден өткенімді растаймын.
Тау марафонының ережелері мен құқықтарым маған түсіндірілді. Мен тау марафонында сан-түрлі қауіп-қатерлер болатынын түсіне отырып, жақсы физикалық дайындықпен келу керектігін білемін. Сондықтан жарыс кезінде және жарыстан кейін де жарақат немесе физикалық зақым алған жағдайда «Шаған Тау Марафоны – 2026» тау жарысы ұйымдастырушыларына ешқандай кінә тақпаймын, сонымен қатар материалдық, моральдық және жол шығындарын талап етпеймін.
13 шақырым қашықтықта жүгірген жағдайда мәреге жеткен соң, кері қарай 6 шақырымға дейін өзім түсуге, кері қарай тасымалдау (13 шақырым және 6 шақырым үшін) 6-шы шақырымнан басталатынына келісемін.
Бұл қол хат саналы түрде өз қолыммен жазылды.
Өтінімді мақұлдау үшін жеке кабинетке жүктеу қажет құжаттар:
- жеке куәліктің көшірмесі.
Старттық пакетті алу үшін қажет құжаттар:
- жеке куәліктің түпнұсқасы немесе egov/kaspi-дегі электрондық нұсқасы;
Қол хат жазылған күні: «___» ________ 2026 ж.
Қол хат иесінің қолы: _________________________